Департамент басшысы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен әдіскерлеріне арналған «Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи талаптар» облыстық семинарға қатысты

Департамент басшысы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен әдіскерлеріне арналған «Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи талаптар» облыстық семинарға қатысты

Департамент басшысы өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандум аясында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен әдіскерлеріне арналған Өскемен қаласының «Балапан» балабақшасы базасында ШҚО бойынша "Өрлеу" педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығының филиалы ұйымдастырған «Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи талаптар» облыстық семинарға қатысты.

Семинар қатысушыларына этнопедагогика мен интерактивті технологиялар, сыни ойлауды дамыту, өнертапқыштық есептерді шешу теориясы және STEAM технологияларын, асық терапиясы мен жобалау әрекеті, ертегі және арт терапиясы, денсаулық сақтау технологиясын көруге керемет мүмкіндіктер берілді.

Сондай-ақ «Заттық кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыру ерекшектеліктері» экскурсиялық квест қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Семинар аясында зерттеу іс-әрекеті, «Ойнайық та, ойлайық», шығармашылық дағдыны дамыту сияқты орталықтардың іс-шаралары ұйымдастырылды.