Департамент қызметкерлері білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі бейнеконференцияға қатысты

Департамент қызметкерлері білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі бейнеконференцияға қатысты

Департамент қызметкерлері Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің және оның аумақтық департаменттерінің, облыстық білім басқармаларының, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аумақтық департаменттерінің қызметкерлері үшін ҚР Оқу-ағарту Министрлігі аппаратының басшысы Дулат Шайкенович Жекебаев ұйымдастырған білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі бейнеконференцияға қатысты.

Қатысушылар алдында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі басқармасының аса маңызды істер жөніндегі Офицері Мағжан Бауыржан Қайратұлы сөз сөйледі.

Әңгіменің негізгі мақсаты - қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар мен заңнамадағы жаңалықтар туралы хабардар ету, мысалы:

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартуды ұйымдастыру;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласында білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

Жергілікті жерлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттерді іске асыру бойынша одан әрі бірлескен жұмыс туралы тақырыптық әңгіме жүргізілді.