Департамент басшысы өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандум аясында «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығының ШҚО бойынша филиалына барды

Департамент басшысы өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандум аясында «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығының ШҚО бойынша филиалына барды

Департамент басшысы өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандум аясында «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығының ШҚО бойынша филиалына барды.

Онда бастауыш сынып, ағылшын тілі, информатика мұғалімдеріне арналған қысқа мерзімді курстардың тыңдаушыларымен кездесті. Бүгін мұнда облыстың 175 педагогі біліктілігін арттыру курстан өтуде.

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында нормативтік құқықтық актілерге енгізілген жаңа нормалар мен талаптар туралы айтылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын одан әрі дамыту және қоғам мен билік арасында диалог құру үшін қатысушыларға арналған ү.ж. 20 сәуірінде Ұстаз үйінде Департаменттің көшпелі қабылдау күні өтетіні туралы жариялады.