
Департамент қызметкерлері ШҚО білім басқармасы ұйымдастырған мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің қатысуымен болған резонанстық жағдайға байланысты диалогтік алаңның жұмысына қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдің, облыстық мәслихат депутатының, азаматтық сектор өкілдерінің, «Жастар рухы» жастар қанатының, білім беру ұйымдары директорлар кеңесінің, білім беру жүйесі мемлекеттік органдарының, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура және полиция өкілдерінің қатысуымен диалогтік алаңда талқыланған мәселе қызу пікірталас тудырды, нәтижесінде нақты ұсыныстар қабылданды.
Осылайша, кәмелетке толмағандар тарапынан және оларға қатысты құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, буллинг фактілеріне жедел жауап қайтарудың бірыңғай тетігі мен алгоритмін әзірлеу ұсынылды.