
Лицензия беру бойынша мемлекеттік қызмет электрондық түрде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының осы қызметті орындаушыға тікелей жүгінуі алынып тасталды.
Бұл бағыттағы мемлекеттік қызметтердің ең көп саны лицензияға қосымшаларды беруге келеді.
2023 жылғы 01 қаңтар мен 31 наурыз аралығында лицензиялау мәселелері бойынша 22 өтініш келіп түсті. Оның ішінде қанағаттандырылғаны – 13 өтініш (59%), бас тартылғаны- 9 (41%).
Жалпы орта білім беру ұйымдарының 8 өтінішінен:
- лицензияға қосымшаны алу 1 өтініш бойынша бас тартылды;
- лицензияны және/немесе лицензияның қосымшаларын қайта ресімдеуге 7 өтініш бойынша қанағаттандырылды – 6, бас тартылғаны – 1.
Техникалық және кәсіптік білім берудің 14 өтінішінен:
- лицензияға қосымша беруге 7 өтініш бойынша бас тартылды;
- лицензияны және/немесе лицензияның қосымшаларын қайта ресімдеуге 7 өтініш қанағаттандырылды.
2023 жылғы 01 қаңтар мен 31 наурыз аралығында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру бойынша комиссияның 2 отырысы өткізілді.