
«Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушының осы қызметті орындаушыға тікелей жүгінуі алынып тасталды.
2023 жылғы 01 қаңтар мен 31 наурыз аралығында Қазақстан Республикасында алынған білім туралы құжаттарға апостиль қоюға 30 өтініш келіп түсті.
Білім туралы 28 құжатқа апостиль қойылды, оның ішінде: жоғары білім туралы – 17; кәсіптік-техникалық білім туралы – 3; жалпы орта білім туралы – 8.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы түскен мемлекеттік баждың дұрыс енгізілмеуіне байланысты және мемлекет Гаага конвенциясының тізіміне кірмегендіктен 2 өтініш бойынша бас тартылды.
Келіп түскен мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 30 құрады (28– орындалды, 2 – бас тартылды).
Елдер бойынша бөлу: