
Департамент қызметкерлері ШҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің шақыруымен қызметтің тиімділігін бағалау бойынша семинарға қатысты.
Қатысушыларды мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесін сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық жобамен таныстырды, ол үміткерлерге алдын ала белгіленген уақытта өтетін әңгімелесуден басқа, әлемнің кез келген нүктесінде, кез келген уақытта конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді.
Қазір «Е-қызмет» жүйесі барлық ақпараттық жүйелермен біріктірілген. Үміткер туралы ақпарат алу автоматты түрде жасалады: соттылығы немесе басқа құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғын тексеру, біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау.
Мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасы осындай жаңалықтарды енгізді:
- келісімшарт бойынша уақытша маман тарту;
- басқа өңірге ротацияланатын қызметкерге тұрғын үйді жалға алу үшін төлем;
- жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу;
- икемді жұмыс кестесі режимінде қашықтықтан жұмыс істеу және т. б.