
05 сәуір күні Департаменттің Консультативтік-кеңесші органының кезекті отырысында кәмелетке толмаған 5-сыныпта оқитын баланың қамқоршысының өтініші және аудандық білім бөлімі мен ШҚО білім басқармасы ұсынған материалдары мұқият зерделенді.
Автор Департаментке қамқорлықтағы баланы ұзақ уақыт бойы сыныптастары мен мектеп әкімшілігінің қысымынан және қорлауынан көмек пен қорғауды сұрады.
Бұл өтініш жан-жақты қарастырылды және ол бойынша білім беру процесіне қатысушылар арасындағы қарым-қатынастарда проблемаларға жол берген білім беру ұйымының қызметкерлеріне қатысты алқалы нақты шешім қабылданды.
Мектеп психологтерінің жеткіліксіз жұмысы кәмелетке толмағандар арасында көбінесе қайғылы жағдайға айналады.
Мәселелердің уақтылы шешілмеуі жақында ғана Өскемен қаласының мектеп оқушылары арасында зорлық-зомбылық жасау туралы әлеуметтік желілерде жарияланған бейнероликті мысал ретінде атауға болады.