
Мектеп жанындағы аумақты тазарту және абаттандыру бойынша көктемгі сенбіліктер маусымының басталуына байланысты түсіндіреміз, сенбілік - бұл қоғамдық пайдалы еңбекті орындау бойынша ерікті ұжымдық жұмыс. Оған қатысушылар тек ерікті түрде тартылады және сенбіліктерге қатысудан бас тарту еңбек тәртібін бұзу болып табылмайды.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР «Педагог мәртебесі туралы" Заңына сәйкес педагогтің ерекше мәртебесі танылады және оның кәсіби қызметін жүзеге асыру үшін жағдайлар қамтамасыз етіледі.
Онда жұмыс беруші мұғалімнің кәсіби қызметін жүзеге асырған кезде оны кәсіби міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол бермейтіні нақты көрсетілген.