
Департамент басшысы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар басшыларының «Балалардың құқықтарын іске асырудың өзекті мәселелері» Республикалық кеңесінің пленарлық отырысының жұмысына қатысты.
Модератор ретінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова сөз сөйледі.
Кеңес қатысушыларына облыс әкімінің орынбасары Дархан Бақытжанұлы Сапанов пен Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген құттықтау сөз сөйледі.
«Балаларды қолдау және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының трансформациясы» атты баяндамамен «Ана үйі» ҚҚ директорының даму жөніндегі орынбасары И.А. Дүйсенеева және т.б. сөз сөйледі.
Сонымен қатар, келесі мәселелер талқыланды:
- отбасылық үлгідегі балалар ауылдарының қызметін жетілдіру шаралары туралы;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы Қамқоршылық кеңестердің рөлі туралы;
- балалар үйлерінің түлектерін әлеуметтік бейімдеу туралы;
- балалар үйлерінен шыққаннан кейінгі өмір туралы;
- балалар мен жасөспірімдер ортасындағы жанжалды жағдайларды шешу тетігі ретінде медиация туралы және т.б.
Соңында пікір алмасып, қорытындылар шығарылып, ұсыныстар қабылданды.