Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу - 2022 қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен Шығыс Қазақстан облысының мектебі

Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу - 2022 қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен Шығыс Қазақстан облысының мектебі

Департамент басшысы Өскемен қаласы Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінің директоры Жаңыл Қаирбекқызы Назарбаеваға ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің дипломын табыстады.

Бұл лицейдің педагогтер ұжымы 2021-2022 оқу жылында өткен ББЖМ (МОДО) қорытындысы негізінде республика көлемінде  қала мектептері арасында жоғары нәтиже көрсеткен.

4 және 9 сынып білім алушыларының оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық  бойынша жоғары білім деңгейін көрсеткені туралы Оқу ағарту министрлігінің 4-наурыздағы кеңейтілген отырысында ерекше атап өтілді.

Мектеп директорының айтуынша «Бұл жетістік - бүкіл лицей ұжымының, оқушылардың, ата-аналардың  еңбегі».