Облыстық әдістемелік кеңестің отырысы

Облыстық әдістемелік кеңестің отырысы

Департамент басшысы облыстық әдістемелік кеңестің отырысына қатысып, сөз сөйледі, оған аудандық және қалалық білім бөлімдері мен білім беру ұйымдарының басшылары, "Өрлеу" орталығының, ПШО, білім басқармасының басшылары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес мәселелер талқыланды:

–«Шығыс» орталығының 2022 жылғы қызметінің қорытындысы және 2023 жылға арналған басым міндеттері;

–2023 жылға арналған педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарының басым бағыттары;

–білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу.

Сонымен қатар, әдістемелік орталықтың баяндамалары тыңдалды:

–«Өсу нүктесі» құзыреттілік орталығы» жобасын сынақтан өткізу нәтижелері туралы мектепке дейінгі ұйым тобындағы екі педагогтің бір мезгілде жұмыс істеуі туралы;

–2020-2025 жылдарға арналған «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру туралы;

Бірлескен қызмет серіктестік қатынастарды орнатуға және облыстың білім беру сапасын арттыру саласында ұзақ мерзімді, тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.