
Департамент басшысы Махсутова З.А.ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Б. Бейсембаевтың білім беру сапасын жақсарту мақсатында өңірдің білім беру органдарының ынтымақтастығы туралы тапсырмасын орындау үшін Департамент, ШҚО бойынша "Өрлеу" педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығының филиалы және Білім басқармасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы үшжақты Меморандумға қол қойды.
Осы Келісімге сәйкес алдағы үш жылда бірлескен қызмет серіктестік қатынастарды орнатуға және облыстың білім беру сапасын арттыру саласында ұзақ мерзімді, тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталатын болады.