Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2025 жылға арналған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
Мемлекеттік бақылау (мемлекеттік аттестаттау, профилактикалық бақылау, жоспардан тыс тексерулер):
Мемлекеттік аттестаттау
2025 жылы мемлекеттік аттестаттау рәсімі 113 білім беру ұйымында жүргізілді, оның ішінде:
– 80 жалпы орта білім беру ұйымы;
– 33 мектепке дейінгі білім беру ұйымы.
113 білім беру ұйымының ішінде 8 ұйым (7,2%) аттестаттаудан өтті, оның ішінде:
– жалпы орта білім беру ұйымдарының 6-ы (7,5%);
– мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 2-уі (6%).
105 білім беру ұйымы (92,8%) аттестаттаудан өтпеді, оның ішінде:
– 74 жалпы орта білім беру ұйымы (70,4%);
– 31 мектепке дейінгі білім беру ұйымы (29,6%).
Мемлекеттік аттестаттау барысында келесі негізгі жүйелі кемшіліктер мен ескертулер анықталды:
– жұмыс оқу жоспарлары үлгілік оқу жоспарларының талаптарына сәйкес келмейді, ұйымдастырылған оқу қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес емес (16 балабақша);
– тәрбиеленушілердің даму деңгейіне арналған бастапқы және қорытынды мониторинг жүргізілмейді (18 балабақша);
– 9 педагогтың біліктілікті арттыру курстарынан өту мерзімі аяқталған;
– топтарды жас ерекшелігіне қарай жинақтау талаптары сақталмаған (9 балабақша);
– баланың даму карталары жоқ (8 балабақша);
– перспективалық жоспарлар мен циклограммалар үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес келмейді (25 балабақша);
– оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар сақталмаған (18 балабақша);
– ата-аналарға арналған консультациялық пункттер құрылмаған (18 балабақша).
– жұмыс оқу жоспарлары мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт пен үлгілік оқу жоспарларының талаптарына сәйкес келмейді (32 мектеп);
– оқу пәндерінің базалық мазмұны толық көлемде меңгерілмеген (37 мектеп);
– тәрбие жұмысын жүзеге асыруда кемшіліктер жіберілген (28 мектеп);
– ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды ескере отырып оқу процесін ұйымдастыру талаптары бұзылған (27 мектеп);
– «Өмір қауіпсіздігі негіздері» және «Жол қозғалысы ережелері» курстары Kundelik.kz электрондық журналында көрсетілмеген (35 мектеп);
– жұмыс оқу жоспарларының инварианттық бөлімі пәндері бойынша педагогтарға қажеттілік бар (16 мектеп);
– БЖБ және ТЖБ спецификациялары сақталмаған, бағалар қойылмаған (13 мектеп).