Орта білім беру ұйымдарының лицензиясын қайта рәсімдеу

2025 жылдың 21 сәуірі күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаменті облыс бойынша «Орта білім беру ұйымдарының лицензиясын қайта рәсімдеу» тақырыбында білім бөлімдері басшыларымен және жауапты мамандармен онлайн форматта оқыту-семинарын өткізді. Оқыту-семинар барысында департамент басшысының міндетін атқарушы Б.А.Раимбекова қайта рәсімдеу шарттары мен қадамдарын таныстырды. Шығыс Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарының лицезиясын қайта рәсімдеу кестеге сәйкес 2025 жылдың 23 сәуірінен басталады.

Кесте
Дата публикации
20 мая 2025