Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетеді. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №483 бұйрығымен бекітілген "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
"Білім туралы" Заңының 57-бабының 2-тармағына сәйкес "техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметін лицензиялау – білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша жүргізіледі."
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйеліктехникалық қызмет көрсетуді, оның ішінде "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҰАТ АҚ) жүзеге асырады.