Бүгін Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде азаматтарды қабылдау өткізілді.
Қабылдау барысында «Мирас» жекеменшік балабақшасының өкілі мектепке дейінгі ұйымдарды аттестаттаудан өткізу мәселесі бойынша жүгінді.
Кездесу барысында аттестаттауды өткізу тәртібі, қойылатын негізгі талаптар және қажетті құжаттар бойынша түсіндірмелер берілді.
Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Абдрахманова Асыл Умиргалиевна Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Білім саласын дамыту жолында қол жеткізген табыстары және оған қосқан үлесі үшін» алғысымен марапатталды.
Бұл марапат – білім сапасын арттыру жолындағы жауапты еңбектің, кәсіби біліктіліктің және сала дамуына қосқан үлестің лайықты бағасы.
Асыл Умиргалиевнаны шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңіз жемісті болып, кәсіби жолыңызда жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз! 🌷
Еңбегіңіз елене берсін!
Ұлытау облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыста балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау және отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған бірқатар өзекті мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі — балалардың жарақаттануының алдын алу, оның ішінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар.
Білім басқармасы мен полиция департаментінің өкілдері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру және профилактикалық іс-шараларды күшейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Сонымен қатар құқық қорғау органдары, білім беру және денсаулық сақтау салаларының өзара іс-қимылын күшейту, профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу және балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Отырыста отбасын қолдау орталықтарының жұмысына да ерекше назар аударылды. Аталған орталықтардың отбасыларға әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсетуі, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды сүйемелдеуі және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған жұмыстары талқыланды.
Балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету — барлық мемлекеттік органдар мен қоғамның ортақ міндеті.
Бүгін – қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай белгіленген Абай күні.
Абай – қазақ руханиятының биік тұлғасы. Оның шығармалары білімге, еңбекке, адамгершілікке, ізденіс пен өзін-өзі дамытуға үндейді. Ақынның «толық адам» туралы тағылымы мен ғибратты ойлары бүгінгі ұрпақ үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Абай мұрасы – ұлттың рухани қазынасы, ұрпаққа жол көрсететін мәңгілік мұра.
📚 Абайды оқу – өзіңді тану.
Абайды түсіну – адамдықты түсіну.
Осы аптада мониторинг жұмыстары Жаңаарқа ауданында жүргізілуде.
Мониторинг барысында:
Мониторингтің мақсаты – білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзімінде орындалуын бақылау.
Ұлытау облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қызметтік әдеп нормаларының сақталуына тұрақты мониторинг жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, азаматтармен кері байланыс орнату, ашықтық пен жариялылық қағидаттарын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылуда.
Департамент қызметінде заңдылық, ашықтық және адалдық қағидаттарын сақтау басты басымдықтардың бірі болып табылады.
Есепті кезең қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары тіркелген жоқ.
Маусым айында бекітілген жоспарға сәйкес 3 мектепте профилактикалық бақылау жүргізілді:
Жаңаарқа ауданы – О. Әлібаев атындағы ЖББМ, Қызылжар ЖББМ, Ұлытау ауданы - №4ЖББМ
Сонымен қатар, бақылау барысында мектептердің қайта аттестаттауы ұйымдастырылды.
Нәтижесінде 2 мектеп қайта аттестаттаудан өтті.
Білім сапасын арттыру және талаптардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда.
2026 жылғы 17 маусымда Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Жакупбекова Гаухар Набиевна Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі №200 қаулысымен бекітілген «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдама» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында тұжырымдаманың негізгі мақсаттары мен міндеттері таныстырылып, заң үстемдігін нығайту, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдағы тәртіп пен жауапкершілікті күшейту мәселелері талқыланды.
Іс-шараға қатысушыларға заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, адалдық пен әділдік қағидаттарын насихаттаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Сондай-ақ құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының және азаматтық қоғам институттарының рөліне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, тұжырымдаманы іске асырудың практикалық тетіктерін талқылады.