Жаңаарқа ауданы бойынша білім беруді дамыту бағытында атқарылған жұмыстардың қорытындысы

Жаңаарқа ауданы бойынша білім беруді дамыту бағытында атқарылған жұмыстардың қорытындысы

Бүгін, яғни 2025 жылдың 25 ақпанында Ұлытау облысы әкімінің орынбасары З.Ақылбекованың  төрағалығымен Жаңаарқа ауданы білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы туралы мәжіліс өтті.

Мәжіліске Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Ә.Ж. Аманжолов және  білім ұйымдарының басшылары қатысты.

З.Ақылбекова мәжілістің күн тәртібін айта отырып, Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің басшысы М.Е.Балабаева  аудан бойынша  білім беруді дамыту бағытында атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен алға қойылған жоспары туралы ақпарат беруді ұсынды.

Ұлытау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Н.Жакупбекова Жаңаарқа ауданы білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттаудан өтуі, мемлекеттік бақылау қорытындыларына тоқталып, оқыту нәтижесін жақсарту үшін атқарылуы қажетті іс-шараларға назар аударды.

Ұлытау облысының әдістемелік орталығының директоры Ы.Т.Ермаганбетова Жаңаарқа ауданы  білім беру ұйымдарындағы оқу мен оқыту сапасын талдап өтті.

Қорыта келе, З.Ақылбекова Жаңаарқа ауданы білім ұйымдарының директорлары, директор орынбасарлары мен мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру, педагогикалық сапалық құрамдарын арттыруды, сонымен қатар, оқушылардың білім сапасын  көтеру жолдарын анықтау үшін сыртқы бақылау қорытындаларына толыққанды талдау жасауды ұсынды.