2024 жылдың 11 қазанында Ұлытау облысының  білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Педагогикалық әдеп жөніндегі №2 кеңесі  өткізілді.

2024 жылдың 11 қазанында Ұлытау облысының  білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Педагогикалық әдеп жөніндегі №2 кеңесі  өткізілді.

2024 жылдың 11 қазанында Ұлытау облысының  білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Педагогикалық әдеп жөніндегі №2 кеңесі  өткізілді.

Күн тәртібінде:

- Ұлытау облысының  білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес мүшелерін жаңа құрамымен таныстыру,  жұмыс жоспарына кеңес мүшелерінің ұсыныстарымен толықтырулар енгізу;

- Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің қызметі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жаңғырту;

- Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің білім беру ұйымдарының педагогтарымен кездесу кестесін жаңарту;

- Оқушылар арасындағы олимпиада барысында мұғалімдердің академиялық адалдық принциптерін бұзуы туралы;

- Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес қызметі бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар жасау.

 

Кеңес мүшелері белсенділік танытып, жұмыс жоспарына тиімді және құнды ұсыныстарын енгізді.

Сонымен қатар, академиялық адалдық жолында шындық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын сақтауды қалыптастыруға көмектесетін ережелерді түсіндіру өте маңызды екенін айта отырып, білім ұйымдарының әкімшілігі, әдеп жөніндегі кеңестің төрағалары арасында семинарлар өткізу кестесін жаңартып бекітті.

             Назарларыңызға!

 

             Кеңес білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінде құрылатын, педагогтердің педагогтік әдепті сақтау мәселелерін қарайтын алқалы орган болып табылады.

             Кеңес өз қызметін «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, осы Қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады және объективтілік, әділдік пен әдептілік қағидаттарын басшылыққа алады.

             Кеңес педагогтердің педагогикалық этиканы сақтау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде педагогтердің өтініштерін қарастырады.

 

Байланыс телефоны: 410864, 414719

Төраға: Г.Н. Жакупбекова, 87758646552