Ұлытау облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Ұлытау облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.

2024 жылдың 25 қыркүйегінде Ұлытау облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысыөтті.

Комиссия отырысына Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Н. Жакупбекова қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Акилбекова Зина Джуманазаровнаның төрағалығымен балалар мен жасөспірімдер арасындағы бұзақылықтың алдын алу бойынша, қорғаншылықжәне қамқоршылық органдарының, Маруа Құлышева атындағы қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығының қызметі туралы, балаларды скринингтік тексерулермен қамту туралы(емдеудің тиімділігін жақсарту және асқынулардың дамуына жол бермеу  барысында алдын ала медициналық тексеруден өткізу, қауіп факторлары мен ауруларын ерте сатысында анықтау) төрт мәселе қарастырылды.

Комиссия мүшелері арасында мәселелер талқыланып, орындалатын жұмыстар бойынша пікір алмасулар өткізілді.

Атқарылатын іс-шаралардыңнегізгі мақсаты жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында атқарылып жатқан жұмыстарды жандандыру, күшейту және алдын-алу жұмыстарынқатаң бақылауға алу.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әр адамның міндеті. Балалармен және олардың ата-аналарымен қарым-қатынаста болған әрбір адам балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.