"Әрбір мектеп-үздік мектеп"

"Әрбір мектеп-үздік мектеп"

Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, Ұлытау облысы білім басқармасының “Ұлытау облысының әдістемелік орталығы”, "Өрлеу "біліктілікті арттыру ұлттық орталығы"акционерлік қоғамының  филиалы "Қарағанды облысы бойынша кәсіптік даму институтының" Ұлытау облысындағы өкілдігі тарапынан 2024 жылдың 25-27 қыркүйек аралығында «Мектептегі білім беру сапасының менеджменті: стратегиядан практикаға» атты үш күндік республикалық семинар өткізілді.

Семинардың үшінші күнінде нысаналы мектептердің директорлары мен орынбасарлары  қатысты.

Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Н. Жакупбекова қатысып, мектеп басшыларына «Мақсатты мектеп» жобасының тиімділігі туралы жан-жақты түсіндіріп, негізгі өзекті мәселелерге тоқталып, «Мектеп қызметінің сапасын басқару: сапаны қамтамасыз ету қағидаттары мен әдістері, мониторинг пен бағалауды ұйымдастыру» бағытында толыққанды ақпарат берді.

Сонымен қатар, Жезқазған қаласының "Үздік мектептерінің" бірі №26 гимназияның директоры А.Ж. Садуакасова және Сәтпаев қаласының Сәкен Сейфуллин атындағы гимназия директоры Г.А.«Мектепішілік бақылаудың міндеттері мен механизмдері» тақырыбында жаңашыл кейстері арқылы тиімді тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға қатысушылар мазалайтын өзекті мәселелерін айта отырып, жаңашыл, дамуға бағыттайтын ақпарат алғандарына алғыс білдірді.Мектеп директорлары жоспарларына толықтырулар жасайтыны, педагогтарымен оқушылар арасында қатынасқа ерекше, жаңашыл көзқарассалып, білім сапасын көтеру, тәрбие жұмысын күшейту барысында үздіксіз жетістікке жетуге мақсаттанғандары  мәлім.