2024 жылдың 6 тамызында Ұлытау облысы әкімінің аппараттық кеңесінде Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Н. Жакупбекова 2024-2025 оқу жылына дайындығы туралы өзекті мәселелер бойынша баяндады. Баяндау барысында мектепке дейінгі, жалпы орта білім беретін, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына жеке-жеке тоқталып, 1-қыркүйекке дейін шешу жолдарын нақтылап, бақылауға алуды атап өтті.