«Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршамыздың міндетіміз!»

«Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршамыздың міндетіміз!»

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекетіміздің барлық мемлекеттік органдар тарапынан жүргізілеті басты жұмыстардың бірі. Осы мақсатта сыбайлас жемқорлықты болдырмай, оның алдын алу шарттары бойынша «Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ-нің  қызметкерлерінің қатысуымен, ұжымда сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын-алу мақсатында ұйымдастырылған «Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршамыздың міндетіміз» тақырыбында жиналыс өткізілді.
Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Мемлекеттік қызметкерлерге өз жұмысына жауапкершілікпен қарау, заң шеңберінде және адал жұмыс істеу – бүгінгі күннің басты мақсаттарының бірі екендігі жан-жақты түсіндірілді. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс барысындағы басты бағыттарының бірі болып заң бұзушылықтарға және сыбайлас жемқорлықпен күресу болып табылатындығы жайлы басым айтылып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.