
«БАРШАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ САПАЛЫ БІЛІМ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.
Ұлытау облысы әкімдігі аппарат жетекшісі, ардагер педагогтер кеңесінің мүшелері, Ұлытау облысының Білім саласында сапасын қамтамасыз ету департаменті, Ұлытау облысының прокуратурасы, Ұлытау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті, Ұлытау облысы бойынша полиция департаменті, Ұлытау облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Ұлытау облысының ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері, Ұлытау облысы бойынша балалардың құқығын қорғау уәкілі, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, білім беру ұйымдарының басшылары, әдістемелік кабинет меңгерушілері қатысты.
Отырыста Департаменттің білім сапасын сырттай бағалау және білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы Г.Н.Жакупбекова «Ұлытау облысы білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік аттестаттау» тақырыбында баяндама жасап, 2024 жылғы департаменттің жоспарымен және жүргізіліп жатқан жұмыстадың нәтижелерімен таныстырды.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жүргізілген мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған бұзушылықтарға тоқталып, білім басқарамасы, білім бөлімдері, білім беру ұйымдарының басшыларына ұсыныстар берілді.