
2024 жылдың 30 қаңтарында Сәтбаев қаласының білім бөлімінің әдістемелік кабинеті тарапынан "Мектепшілік бақылауды тиімді ұйымдастыру - мектепті дамыту механизмі" тақырыбында педагогикалық Forward өткізілді.
Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау және білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы командалық додаға түсіп, өз пікірлерімен ұсыныстарын, тиімді, орнықты іске асыру жолдарын ашық айтып, бөлісті.
«1000 мектеп» республикалық жобасы аясында білім сапасын көтеру, білім беру ұйымының қызметін жетілдіру, оның ішінде білім беру мен тәрбиелеу сапасын жаңарту, педагог қызметкерлердің кәсібилігін арттыру жұмыстары Сәтбаев қаласының білім ұйымдарында даму жолына түсіп, нәтижелі жетістіктерге жету жолына қойылғаны анықталды.