
Білім беру ұйымдарының басшыларына семинар өткізілді
Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау және лицензиялау бөлімінің басшысы Г.Н.Жакупбекова zoom арқылы Ұлытау облысы білім бөлімдерінің қызметкерлері мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларымен 2024 жылғы мемлекеттік аттестаттауды өткізу бойынша түсіндіру мақсатында кеңес өткізді. Кеңесте Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына және 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттауға дайындығы бойынша мәліметтер беріліп, түсіндіру жұмысын жүргізді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.