
2023 жылдың 6 желтоқсанында Ұлытау облысы білім беру ұйымдары педагогтарының педагогикалық әдеп және құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органның (әрі қарай – ККО) отырысы өтті.
Күн тәртібінде бес сұрақ қаралды:
- Сәтбаев қаласының, Ұлытау ауданының білім бөлімдері басшыларының «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Педагогикалық әдеп қағидаларының нормаларын сақтау мәселелері;
- Ұлытау облысы білім басқармасының Педагогтардың арыз-шағымдары мен өтініштерін қарау бойынша атқарып жатқан іс-шаралары және атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы;
Ұлытау облысы білім басқармасының "Жезқазған технология және сервис колледжі", «Тау-кен металлургия колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес қызметі туралы;
Консультативтік-кеңесші органның атына келіп түскен педагогтардың өтініштерін қарау;
- Білім беру ұйымдарынан келіп түскен сұраныстардың мониторингі (саны мен мазмұнына талдау жасау).
Барлық мәселелер бойынша есеп беріліп, ұсыныстар жасалынды.
- Ұлытау облысының білім ұйымдарында әдеп жөніндегі кеңестер жұмысын толық зерделеп, қадағалау;
- педагогикалық әдеп ережелерінің мәтінін оқу процесіне қатысушыларға қол жетімді етіп орналастыру;
-педагогикалық этиканы бұзудың алдын алу мақсатында педагогтердің өз міндеттерін орындауы бойынша, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңеспен бірлесе отырып мұғалімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыру;
-Ұлытау облысының білім ұйымдарында облыстық әдістемелік орталығы және «Өрлеу» біліктілік арттыру орталығы тарапынан педагогтарының педагогикалық әдеп және құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі әдеп кеңесінің жұмысын зерделеу және әдістемелік көмек көрсету;
- төтенше немесе келенсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында мұғалімдердің әлеуметтік желілеріне тұрақты мониторинг жүргізуді жалғастыру;
-ата-аналар тарапынан ақша жинауға тиым салуды үнемі бақылауға алу;
- педагогтардың педагогикалық әдеп және құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қала, аудан, облыс көлемінде ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастырып, ата-аналар және облыс тұрғындары арасында жария ету.