
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті мектептердің 2023-2024 оқу жылына дайындық деңгейін анықтау мақсатында 2023 жылғы 10-24 шілде аралығында орта білім беру ұйымдарына бару арқылы мониторинг жүргізу шаралары іске асырылуда.
Бүгінгі күні, Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері Жезқазған, Сатпаев қалаларының, Ұлытау ауданының мектептерінде, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының мамандары Қаражал қаласы, Жаңаарқа ауданынының мектептерінде мониторинг жүргізуде.
Мониторинг жүргізу барысында жеті көрсеткіштер бойынша орта білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындық деңгейлерінің зерделеу нәтижелері google нысанында электронды форматқа енгізілуде.