ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктерінің превенция қызметі өкілдерінің қатысуымен семинар-тренинг өткізілді.

14 шілде 2023 жылы білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің өңірлік департаменттері үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктерінің превенция қызметі өкілдерінің қатысуымен семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренингте модераторлар мемлекеттік қызметте мінсіз әдеп пен адалдық қағидаттарын нығайтудағы Әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлін атап өтті, сондай-ақ әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жан-жақты талқыланды.

Бұдан әрі тыңдаушылар мемлекеттік қызметте әлеуметтік желілерді пайдаланудың тиімді әдістерімен, көпшілік алдында сөйлеу өнерімен танысты.

БАҚ-пен жұмысты жетілдіру, Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары жүктелген қызметшілердің қызметін жетілдіру жолдары туралы сарапшылармен тәжірибе және пікір алмасу қызықты болды.

Сондай ақ, Әдеп жөніндегі уәкілдердің мансаптық өсуді дамыту жөніндегі тренингке қатысу мүмкіндігі болды.