Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Тәуекелдерді басқару және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбындағы оқу-тренинг басталды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Тәуекелдерді басқару және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбындағы оқу-тренинг басталды.

2025 жылғы 8–10 желтоқсан аралығында мемлекеттік органдардағы әдеп жөніндегі уәкілдер мен комплаенс офицерлер үшін онлайн форматта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, тәуекелдерді басқару, этикалық мәдениетті нығайтуға бағытталған үшкүндік оқыту бағдарламасы өткізілуде.

Ұлытау облысы білім саласында сапаны қаматамасыз ету  департаментінен аталған тренингке
Әдеп жөніндегі уәкіл – Даутбаева Күлзия Калиевна қатысуда.

Оқу барысында:
🔹 тәуекелдерді бағалау және басқару тетіктері;
🔹 әдеп жөніндегі уәкілдердің құзыреттерін күшейту;
🔹 өңірлік мемлекеттік органдардағы парасаттылық мәдениетін дамыту;
🔹 сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша үздік тәжірибелер талқылануда.

Тренинг ZOOM платформасы арқылы өткізіліп, қатысушыларға арнайы оқу бағдарламасы ұсынылған.

Департамент қызметкерлерінің кәсіби әлеуетін арттыру – адал және ашық мемлекеттік басқаруды қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.