Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді. Оның қызметі мемлекеттік органдарға қоғамның сенімін нығайтуға, оң имидж қалыптастыруға және ұжымдағы қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды сақтауға бағытталған.
Әдеп жөніндегі уәкіл қызметінің негізгі бағыттары:
- Мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексін сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу, қызметтік мінез-құлық және мемлекеттік қызметке қатысты шектеулер мәселелері бойынша консультациялар беру.
- Құрылымдық бөлімшелерге әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету.
- Қызметтік әдеп нормалары мен заңнама талаптарының сақталуын мониторингтеу, өтініштерді талдау және ықтимал бұзушылықтарға қатысты деректерді қарау.
- Мемлекеттік қызметшілерден, азаматтардан және өзге де тұлғалардан түскен өтініштерді қарау, сондай-ақ тиісті шаралар қабылдау.
- Қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алуға бағытталған дәрістер, консультациялар, семинарлар және түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
- Ұжымдағы қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға қатысу және адалдық қағидаттарын нығайтуға ықпал ету.
- Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әрекетіне қатысты БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жарияланған материалдарға мониторинг жүргізу.
- Мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу, өкілеттіктер шеңберінде қажетті шаралар қабылдау.
Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі мемлекеттік қызметшілердің ашықтығын, адалдығын және кәсібилігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік органның тиімді жұмысын арттыруға бағытталған.