«Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ұлытау облысы бойынша білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті» ММ-нің 2026 жылғы І тоқсанда атқарған жұмыстары туралы анықтамалық есеп

2026 жылдың І тоқсанында Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырып, білім беру сапасын қамтамасыз ету, мемлекеттік бақылау жүргізу, құқық бұзушылықтардың алдын алу және педагогтердің құқықтарын қорғау бағыттарында жүйелі жұмыстар атқарды.

Мемлекеттік аттестаттау жұмысы

2026 жылға жоспарға сәйкес 8 мектепке мемлекеттік аттестаттау өткізу көзделген. Есепті кезеңде 6 білім беру ұйымы қайта аттестаттаудан өтті. Қалған 5 мектеп бойынша жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында 3 орта білім беру ұйымы жоспарланды (сәуір – 2 мектеп, мамыр – 1 мектеп).

Жоспарлы және жоспардан тыс тексерістер

2026 жылға арналған жоспарға сәйкес облыстың білім бөлімдеріне тексерістер жүргізу кестесі бекітілді. Наурыз айында Жезқазған қаласының білім бөліміне жоспарлы тексеріс жүргізіліп, анықталған бұзушылықтар бойынша нұсқама беріліп, орындау мерзімдері белгіленді. Сәуір айында Жаңаарқа ауданының білім бөліміне жоспарлы тексеріс жүргізу жоспарланған.
Сонымен қатар, e-Otinish платформасы арқылы келіп түскен өтініш негізінде облыстық математика олимпиадасын өткізу тәртібі мен бағалау нәтижелеріне қатысты тексеру жұмыстары жүргізілді.

 Департамент тарапынан аталған деректер бойынша «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының 59-1-бабы 2-тармағының 14-тармақшасына сәйкес тиісті құжаттар мен бейнематериалдарды зерделеу арқылы тексеру жұмыстары жүргізілді. Бұзушылықтар анықталып, нұсқама толтырылды.

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі

Есепті кезеңде лицензияға қосымшалар алуға 2 өтініш түсіп, құжаттардың толық ұсынылмауына байланысты қабылданбады. Лицензияны қайта ресімдеуге 1 өтініш қаралып, қанағаттандырылды.
«Білім туралы құжаттарға апостиль қою» қызметі бойынша барлығы 5 құжат рәсімделді. Құжаттар шетелдің Италия, Оңтүстік Корея, Испания және Түркия мемлекеттеріне ұсынылған.

e-Otinish платформасы арқылы өтініштерді қарау

Есепті кезеңде барлығы 25 өтініш тіркеліп, оның 17-сі қаралды, 2 өтініш құзыреттілігі бойынша басқа органдарға жолданды. Есепті кезең соңында 9 өтініш қаралуда. Мерзім бұзушылықтары тіркелген жоқ.

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес қызметі

2026 жылғы 19 наурызда Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өткізілді. Кеңес құрамына өзгерістер енгізіліп, жылдық жұмыс жоспары бекітілді. Педагогикалық әдеп нормаларын сақтау мәселелері қаралып, алдын алу шараларын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

 

«ҰЛЫТАУ Teachers Group» чатының жұмысы

Педагогтердің құқықтарын қорғау және кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында өңірлік чаттың жұмысы тұрақты бақылауда. Қатысушылар саны – 1572. Есепті кезеңде 6 сұрақ түсіп, барлығына уақытылы жауап берілді. Бір мәселе бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде тәртіптік жаза қолданылды

Білім басқармасымен өзара іс-қимыл

Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті  2025 жылғы  15 желтоқсанда  Қазақстан  Республикасы  Оқу-ағарту министрі Ж. Д. Сүлейменованың төрағалығымен өткен кеңестің қорытындысы      бойынша      берілген   №50   хаттамалық        тапсырманың     5.4-тармағына сәйкес 2026 жылдың 21 қаңтар күні Ұлытау облысы білім басқармасының Келешек мектебіне, атап айтқанда Жезқазған қаласы білім бөлімінің «№12 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мониторинг жүргізілді.    

 Осыған байланысты мониторингті  Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілі Жаппасова Гүлмира Алпысбаевна, Ұлытау облысының білім басқармасының бас маманы Кажмаганбетова  Меруерт Кажыхановна, Жезқазған қаласының білім бөлімінің маманы Манаспаева Айдын Болпанаевна, «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының маманы Мамбетбаева Мадина Конырбековналармен бірлесіп ұйымдастырылды. Анықталған  кемшіліктер негізінде ұсыныстар беріліп, орындалысы бақылауға алынды.

Ж. Д. Сүлейменованың төрағалығымен өткен кеңестің қорытындысы бойынша берілген №50 хаттамалық тапсырма бірлесіп атқарылды. (білім сапасының салыстырмалы талдауы, педагогтер туралы мәліметтер) Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингілеу (ББЖМ-2025) нәтижелері бойынша ұсынымдарды іске асыру шеңберінде жоспарды жолдады.

    2026 жылға Оқу- ағарту министрлігінің «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыруды және өткізу жөніндегі» 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №14 бұйрығы негізінде мемлекеттік аттестаттауды өткізуге сарапшылар беру туралы ақпарат сұратылды (29.01.2026ж,№18-17-1-3-14/48)

Әдеп жөніндегі уәкіл қызметі

Департаменті қызметкерлері арасында 2026 жылдың І тоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің (бұдан әрі – Әдеп кодексі) талаптарын сақтау мәселелері бойынша екі рет жеке консультативтік жұмыстар жүргізілді. Аталған кезеңде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын, сондай-ақ Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, 2026 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабын түсіндіру мақсатында отырыс өткізілді. Сонымен қатар, «Қызметкерлер арасында қызметтен тыс уақыттағы әдеп стандарттарын сақтау мәселелері» тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 19 наурыздағы №19-9-01-2/240-И хатына сәйкес қызметкерлер жадынамамен таныстырылып, тиісті түрде хаттамаланды.

Әкімшілік істер бойынша жұмыстар

2026 жылғы ақпан–наурыз айларында барлығы 7 әкімшілік іс тіркелген. Барлық істер бойынша құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 409-бабының 2-бөлігі (6 іс) және 127-1-бабының 1-бөлігі (1 іс) бойынша қаралған.

Аталған істердің басым бөлігінде жаза ретінде қысқартылған тәртіппен әкімшілік айыппұл тағайындалған. 409-баптың 2-бөлігі бойынша салынған айыппұл мөлшері әр іс бойынша 10812,5 теңгені құрайды, ал 127-1-баптың 1-бөлігі бойынша 21625 теңге мөлшерінде айыппұл белгіленген.

Жалпы, 7 істің 6-сы бойынша айыппұлдар толық өндірілген, 1 іс бойынша айыппұл өндіру туралы мәлімет көрсетілмеген.

Осылайша, есептік кезеңде тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қысқартылған тәртіпте айыппұл салу тәжірибесі кеңінен қолданылған, ал айыппұлдарды өндіру деңгейі жоғары болып табылады.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Сәтбаев қаласында білім беру ұйымдарының басшыларының, колледж директорларының, сондай-ақ білім бөлімінің жауапты мамандарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 409, 127 және 127-1 баптары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.

Іс-шара барысында білім беру саласындағы заңнама талаптарын сақтау, ата-аналардың міндеттері, педагогтердің құқықтарын қорғау және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы әрекеттер туралы уақтылы хабарлау міндеттері және құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары түсіндірілді.

Кездесу шеңберінде қатысушыларға әкімшілік іс қозғау тәртібі, дәлелдемелерді жинақтау ерекшеліктері, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен олардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі туралы толыққанды ақпарат берілді.

Аталған іс-шара білім беру ұйымдары қызметінде заң талаптарын сақтау деңгейін арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталды.

Педагогтермен кездесулер

2026 жылдың 19 наурыз күні  Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің педагогикалық әдеп  жөніндегі  кеңесінің жоспарына сәйкес Қаныш Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі мен Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінде педагогикалық ұжыммен және кеңес мүшелерімен кездесулер ұйымдастырылды.

Кездесу барысында педагогтердің құқықтары мен міндеттері жан-жақты түсіндіріліп, педагогикалық әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Педагогтердің пікірлері тыңдалып, қойылған сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

Сонымен қатар, педагогикалық әдеп нормаларын сақтауда кемшіліктер орын алған жағдайлар бойынша ашық диалог алаңы ұйымдастырылып, өзекті мәселелер талқыланды.

        Аталған кездесулер ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға, педагогтердің кәсіби мәдениетін арттыруға және педагогикалық әдеп нормаларын нығайтуға бағытталды.

Мемлекеттік мекеме бюджет қаражаты

 

2026 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік мекеме бюджет қаражатының 96 пайызын игерілді. Жалақы мен міндетті төлемдер уақытылы және толық көлемде төленді. 468 нысан бойынша есептер және мүлікті, соның ішінде үй-жайларды және көлік құралдарын түгендеу белгіленген мерзімде тапсырылды. Мемлекеттік сатып алу порталында шарттар жоспарға сәйкес  жасалды. 2027-2028-2029 жылдарға арналған бюджеттік өтінім қалыптастырылып, дерекқорға енгізілді.

Ақпараттық жарияланымдар

Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Департамент қызметі кеңінен жарияланды: Facebook – 26, Instagram – 22, ресми сайтта – 42 материал орналастырылды.

Жалпы, 2026 жылдың І тоқсанында Департамент тарапынан білім беру сапасын қамтамасыз ету, заң талаптарының сақталуын бақылау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және педагогтердің құқықтарын қорғау бағыттарында жүйелі және нәтижелі жұмыстар жүргізілді. Алдағы кезеңде аталған бағыттардағы жұмыстар жалғасын табады.

 

Дата публикации
03 апреля 2026