Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің 2026 жылғы 1-тоқсандағы қызметі туралы есеп

Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлері арасында 2026 жылдың І тоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің (бұдан әрі – Әдеп кодексі) талаптарын сақтау мәселелері бойынша екі рет жеке консультативтік жұмыстар жүргізілді.

Аталған кезеңде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын, сондай-ақ Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, 2026 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабын түсіндіру мақсатында отырыс өткізілді. Сонымен қатар, «Қызметкерлер арасында қызметтен тыс уақыттағы әдеп стандарттарын сақтау мәселелері» тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 19 наурыздағы №19-9-01-2/240-И хатына сәйкес қызметкерлер жадынамамен таныстырылып, тиісті түрде хаттамаланды.

 

https://www.facebook.com/share/p/1CaxcANu2i/?mibextid=wwXIfr

 

 

 

Дата публикации
31 марта 2026