Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық органдарының 2025 жылдың екінші жартыжылдығына арналған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың тізімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 144-2-бабының                      4-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа 1-18-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық органдарының 2025 жылдың екінші жартыжылдығына арналған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың тізімі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (М.Т.Мелдебекова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықпен бекітілген тізімге сәйкес Қазақстан Республикасы                Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық органдарының бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуді қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жолдасын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының міндетін атқарушы М.Т.Мелдебековаға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министрдің

міндетін атқарушы

                            

 

 

Е.Оспан 

 

 

Согласовано

12.05.2025 11:56 Амиржанова Батес Умирбековна

12.05.2025 12:11 Аширов Серик Кенесулы

12.05.2025 14:05 Мелдебекова Майра Турганбаевна

12.05.2025 14:16 Сейтов Аман Бактыбаевич

Подписано

12.05.2025 15:09 Оспан Е.С. ((и.о Бейсембаев Г.Б.))

Дата публикации
29 мая 2025