2026 жылғы 1 шілде мен 30 қыркүйек аралығында Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және қарау бойынша жұмыс жүргізді.
Әкімшілік құқық бұзушылықтарды есепке алу журналының деректеріне сәйкес, есепті кезеңде 1 әкімшілік іс есепке қойылған.
Аталған іс бойынша:
· әкімшілік істің қозғалған күні – 2026 жылғы 14 қыркүйек;
· құқық бұзушылықты анықтаған орган – Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті;
· әкімшілік іс № 266200250000011;
· құқық бұзушылықтың саралануы – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 409-бабының 4-бөлігі;
· қолданылған әкімшілік жаза түрі – қысқартылған іс жүргізу тәртібімен айыппұл салу;
· салынған айыппұл мөлшері – 21 625 теңге;
· қысқартылған тәртіппен өндіріп алынған айыппұл мөлшері – 21 625 теңге;
· шешім қабылданған күні – 2026 жылғы 14 қыркүйек.
Осылайша, 2026 жылғы III тоқсанда Департамент анықталған әкімшілік құқық бұзушылықты қарауды қамтамасыз етіп, заңнамада көзделген әкімшілік жауапкершілік шарасын қолданды.
Білім беру саласындағы заңнама талаптарының бұзылуын анықтау, оларды құжаттау және кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс Департаменттің құзыреті шегінде тұрақты негізде жүзеге асырылады.