«Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ұлытау облысы бойынша білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті» ММ-нің 2026 жылғы ІІІ тоқсанда атқарған жұмыстары туралы анықтамалық есеп

2026 жылдың ІІІ тоқсанында Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырып, білім беру сапасын қамтамасыз ету, мемлекеттік бақылау жүргізу, құқық бұзушылықтардың алдын алу және педагогтердің құқықтарын қорғау бағыттарында жүйелі жұмыстар атқарды.

 

Мемлекеттік аттестаттау жұмысы

 

2026 жылға жоспарға сәйкес 8 мектепке мемлекеттік аттестаттау өткізу қараша айына жоспарланған.

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі

 

Есепті кезеңде «Лицензияға қосымшалар алуға өтініштер» мемлекеттік қызметі бойынша 6 өтініш қаралды, оның ішінде 2 өтініш қанағаттандырылды, 4 өтініш бойынша құжаттар топтамасының толық ұсынылмауына байланысты бас тарту туралы шешім қабылданды.

«Білім туралы құжаттардың (түпнұсқаларының) апостиль қойылуы» мемлекеттік қызметі бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы барлығы 42 өтініш қаралды, оның ішінде 42 өтініш қанағаттандырылды, бас тарту болған жоқ. Техникалық және кәсіптік білім беру – 5, жалпы орта білім беру – 35, куәлік – 2.  Оның ішінде: Турция - 19, Италия - 7, Чехия - 2, Беллоруссия - 1, Россия - 2, Китай - 1, Корея - 5, Норвегия - 2, Германия - 3.

 

e-Otinish платформасы өтініштерді қарау жұмыстары

 

2026 жылғы III тоқсанда Ұлытау облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментімен «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, қарау және орындау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.

Есепті кезеңде барлығы 55 өтініш тіркелген, оның ішінде 41 – арыз, 12 – шағым, 2 – өзге де өтініштер. Ақпараттық жүйеде 13 қайталама өтініш тіркелген.

Жалпы өтініштердің ішінде 28 өтініш Департаментте тікелей қаралған. Қарау нәтижелері бойынша 11 әкімшілік акт қабылданып, оның 11-і қолайлы әкімшілік акт болған. 6 өтініш бойынша іс жүргізу тоқтатылған, 8 өтініш бойынша өзге де шешімдер қабылданған. 2 өтініш бойынша қарау мерзімі ұзартылған. Өтініштерді қараудың белгіленген мерзімдерін бұзу жағдайлары орын алмаған.

Өтініштерді қарау жұмыстары Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылып, өтініштерде көрсетілген мәселелерді объективті және жан-жақты қарауға, сондай-ақ белгіленген мерзімдердің сақталуына қамтамасыз етілді.

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес қызметі

 

Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесте  жоспарлы 3 отырысы өткізілді. (№3, 19.03.2026ж)

https://www.facebook.com/share/p/14psFpUP44o/?mibextid=wwXIfr

 Күн тәртібіндегі жоспарланған мәселелер толық қаралып, әр тақырып бойынша ұсыныстар мен шешім қабылданды( хаттама көшірмесі қоса тіркелді).

Сонымен қатар педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысы барысында білім беру сапасын арттыруға елеулі үлес қосып, мемлекеттік аттестаттау және бақылау іс-шараларын сапалы ұйымдастыруға, сондай-ақ жалпы білім беру саясатын ілгерілету бағытындағы жұмыстарға белсенді атсалысқан білікті қызметкерлер марапатталды.Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің «Алғысы» табысталды. https://www.facebook.com/share/p/18yqH5zZu6/?mibextid=wwXIfr

Жаңа оқу жылы қарсаңында Департамент басшысы ұстаздар қауымына құттықтау бейнежазбасын жариялады.

Бейнежазбада педагогтің құқықтарын қорғау, кәсіби еркіндігін қамтамасыз ету, міндеттері мен жауапкершілігін заң аясында орындау және кәсіби әдеп нормаларын сақтау мәселелері атап өтілді.

Құқық пен міндеттің, еркіндік пен жауапкершіліктің үйлесімі – педагог мәртебесінің маңызды негізі.

https://www.facebook.com/share/v/1JngNgWqky/?mibextid=wwXIfr

Есептілік кезеңде облыс көлемінде педагог мәртебесін бұзу фактілері тіркелген жоқ. Педагогтердің құқықтары мен кәсіби мәртебесіне бағытталған жұмыстар жалғасын табады.

 «ҰЛЫТАУ Teachers Group» чатының жұмысы

Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мен Ұлытау облысының білім басқармасы тарапынан педагогтердің құқықтарын қорғау және өзекті мәселелер бойынша жедел кері байланыс орнату мақсатында «ҰЛЫТАУ Teachers Group» өңірлік педагогтер чатының жұмысы тұрақты түрде қадағаланып отырады. Чатта тіркелген қатысушылар саны  қазіргі уақытта 1508.

Чаттың қызметі департаменттің жауапты маманының бақылауында, педагогтер тарапынан келіп түскен сұрақтар жүйелі түрде тіркеліп, бақылауға алынуда. 2026 жылдың 3- тоқсанында ешқандай сұрақ түспеді.

Кезекті түскен сұрақтардың уақытында шешілуі,  қатысушылардың жүйелі кері байланысы департаменттің жауапты маманының қадағалауында болды.

 

Жергілікті атқарушы органдармен, Білім басқармасымен өзара іс-қимыл

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Проблемалық мәселелерді қарау

2026 жылғы 29 қыркүйекте Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Жакупбекова Гаухар Набиевна облыс әкімдігіне білім беру саласындағы проблемалық мәселелер бойынша кірді.

Кездесу барысында білім беру саласының сапасын қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелер көтеріліп, оларды шешу бойынша ұсыныстар енгізілді.

Көтерілген мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс жүргізу және оларды шешу жолдарын қарастыру мәселелері талқыланды.

 

Әдеп жөніндегі уәкіл қызметі

 

Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлері арасында 2026 жылдың ІІІ тоқсанында Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (бұдан әрі – Әдеп кодексі) талаптарының сақталуы мәселелері бойынша екі рет жеке консультативтік жұмыс жүргізілді.

Сонымен қатар, департамент қызметкерлерінің қатысуымен екі іс-шара ұйымдастырылып өткізілді:

1. Департамент жұмыс жоспарына сәйкес қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, заң талаптарын орындауы, қызметтік өкілеттіктерін жеке мақсатта пайдалануға жол бермеуі, мүдделер қақтығысының алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтегі адалдық, ашықтық, әділдік және парасаттылық қағидаттарының маңыздылығы атап өтілді.

Түсіндіру жұмысының негізгі мақсаты – қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын нығайту.

https://www.facebook.com/share/p/1Z3DeSN2pp/?mibextid=wwXIfr

2. Әдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік қызметшінің басты міндеттерінің бірі тақырыбында  Әдеп кодексі талаптарын түсіндіру бойынша іс-шара жүргізілді. https://www.facebook.com/share/p/19kwVU68Xt/?mibextid=wwXIfr
Әдеп кодексі талаптарын сақтау, қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен орындау, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік пен сыпайылық таныту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді.

Әдептілік, адалдық және жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізгі құндылықтары! Сондай-ақ Әдеп кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

 

Әкімшілік істер бойынша жұмыстар

 

2026 жылғы III тоқсанда Департаментпен 1 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 409-бабының 4-бөлігі бойынша 21 625 теңге мөлшерінде айыппұл салынды және толық өндірілді.

2026 жылғы III тоқсанда «Күншуақ» бөбекжайының меңгерушісі Муздрапова Арай Абильдаевна ӘҚБтК-нің 409-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 21 625 теңге мөлшерінде айыппұл салынды және толық өндірілді.

 

Азаматтарды қабылдау

 

2026 жылғы III тоқсанда Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде азаматтарды қабылдау жұмыстары жүргізілді.

2026 жылғы 11 қыркүйекте қабылдау барысында «Мирас» жекеменшік мектепке дейінгі ұйымының өкілі мектепке дейінгі ұйымдарды аттестаттаудан өткізу мәселесі бойынша жүгінді.

Қабылдау барысында аттестаттауды өткізу тәртібі, мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын негізгі талаптар және қажетті құжаттар тізбесі бойынша түсіндірмелер берілді.

Қорытындысы бойынша өтініш берушіге Департаменттің құзыреті шегінде тиісті түсіндірулер мен ұсынымдар берілді.

 

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

 

2026 жылғы III тоқсанда Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2026 жылғы 3 шілдеде Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында қызмет көрсету және білім саласы бойынша өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы жекеменшік ұйымдарды лицензиялау, сондай-ақ жекеменшік білім беру ұйымдарының қызмет түрлерін ЭҚЖЖ (ОКЭД) бойынша нақтылау мәселелері қаралды.

Аталған мәселелер бойынша Департамент басшысы Жакупбекова Гаухар Набиевна және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Онгаркулова Жанар Онгаркуловна баяндама жасап, лицензиялау талаптары, заңнамадағы өзгерістер, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және жекеменшік білім беру ұйымдарының қызметін жүйелеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кеңес барысында кәсіпкерлердің сұрақтарына жауаптар беріліп, ұсыныстары тыңдалды.

2026 жылғы 28 тамызда Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «2026–2027 оқу жылына дайындық туралы» тақырыбында брифинг өткізілді. Брифингке Департамент басшысы Жакупбекова Гаухар Набиевна және Ұлытау облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Туребеков Маратбек Жақыпбекұлы қатысты.

Брифинг барысында жаңа оқу жылына дайындық, білім беру ұйымдарының оқу жылын бастауға әзірлігі және білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша ақпарат беріліп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауаптар ұсынылды.

Сонымен қатар, тоқсан ішінде білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, лицензиялау, аттестаттау, қызметтік әдеп және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық материалдар Департаменттің ресми интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілерінде орналастырылып, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Облыстық Тамыз кеңесі аясында секциялық отырысна Департамент басшысы Г.Жакупбекова қатысты.

Педагогтің кәсіби жауапкершілігіне, ұстаз еңбегінің маңыздылығына және білім беру саласындағы өзекті міндеттерге тоқталды.

         Іс-шара барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер қамтылып, педагог мәртебесі мен педагогикалық әдеп, білім сапасын басқару, цифрлық трансформация және жасанды интеллект, инклюзивті білім беру, көшбасшылық, кәсіби даму және техникалық-кәсіптік білім берудің стратегиялық бағыттары талқыланды.

берді. https://www.facebook.com/share/p/18pyfKrHaP/?mibextid=wwXIfr

Ұлытау облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыста балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жарақаттанудың, оның ішінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды.

Балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ортақ жауапкершілік. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізу, білім беру ұйымдарында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету және қауіпсіз орта қалыптастыру – маңызды міндеттердің бірі.

Департамент өз құзыреті шегінде аталған бағыттағы жұмыстарға тұрақты қатысып, білім беру ұйымдарында балалардың құқықтарын қорғау талаптарының сақталуына ерекше назар аударады.

https://www.facebook.com/share/p/19rTrDypxy/?mibextid=wwXIfr

 

2026 жылғы III тоқсанда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі жоспардың орындалуы туралы

2026 жылғы III тоқсанда Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі жоспарға сәйкес бірқатар профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуына мониторинг жүргізіліп, қызметтік әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Департамент қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында азаматтарды қабылдау, кері байланыс арналары арқылы келіп түскен өтініштерді қарау жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен ашықтығына ішкі бақылау жүзеге асырылып, азаматтардың өтініштері мен шағымдары қаралды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттық материалдар Департаменттің ресми интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілерінде орналастырылып, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. https://www.facebook.com/photo/?fbid=990378980689156&set=pcb.99037

Сондай-ақ Департаменттің кеңестері мен отырыстарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп және ішкі бақылау мәселелері қаралды.

Жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғастырылды.

 

Мемлекеттік мекеме бюджет қаражаты

 

2026 жылдың 3 тоқсанында мемлекеттік мекеме бюджет қаражатының 100 пайызын игерілді. Жалақы мен міндетті төлемдер уақытылы және толық көлемде төленді. 468 нысан бойынша есептер және мүлікті, соның ішінде үй-жайларды және көлік құралдарын түгендеу белгіленген мерзімде тапсырылды. Мемлекеттік сатып алу порталында шарттар жоспарға сәйкес  жасалды. 2027-2028-2029 жылдарға арналған бюджеттік өтінім қалыптастырылып, дерекқорға енгізілді.

          

Ақпараттық жариялымдар

 

Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Департамент қызметі кеңінен жарияланды: Facebook – 23, Instagram – 23, ресми сайтта – 46 материал орналастырылды.

Жалпы, 2026 жылдың ІІІ тоқсанында Департамент тарапынан білім беру сапасын қамтамасыз ету, заң талаптарының сақталуын бақылау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және педагогтердің құқықтарын қорғау бағыттарында жүйелі және нәтижелі жұмыстар жүргізілді. Алдағы кезеңде аталған бағыттардағы жұмыстар жалғасын табады.

 

 

Мониторинг нәтижелері

 

Ұлытау облысында білім беру ұйымдарының 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторингтің II кезеңі өткізілді

Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2026–2027 оқу жылына білім беру ұйымдарының дайындығын бағалау жөніндегі мониторингтің II кезеңін жалғастыруда.

Мониторинг аясында Ұлытау ауданы мен Жезқазған қаласының жалпы орта білім беру ұйымдары қамтылды.

 *Ұлытау ауданында:*

* «№2 жалпы білім беретін мектебі» КММ;

* «№3 жалпы білім беретін мектебі» КММ;

* «№4 жалпы білім беретін мектебі» КММ;

* «№5 негізгі орта мектебі» КММ;

* «№7 жалпы білім беретін мектебі» КММ;

* «№8 жалпы білім беретін мектебі» КММ;

* «№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ;

* «М. Мыңқаев атындағы №10 жалпы білім беретін мектебі» КММ;

* «№14 жалпы білім беретін мектебі» КММ;

* «№17 жалпы білім беретін мектебі» КММ;

* «№18 жалпы білім беретін мектебі» КММ.

 *Жезқазған қаласында:*

* «№4 жалпы білім беретін мектебі» КММ;

* «№8 гимназиясы» КММ;

* «№13 жалпы білім беретін мектебі» КММ;

* «№14 жалпы білім беретін мектебі» КММ;

* «№26 гимназиясы» КММ.

 Мониторинг барысында білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жай-күйі, ғимараттар мен үй-жайлардың дайындығы, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарының орындалуы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның дайындығы, оқу кабинеттерінің жабдықталуы, қауіпсіздік талаптарының сақталуы, ас блогы мен санитариялық-гигиеналық жағдайы, сондай-ақ қолжетімді орта талаптарының орындалуы зерделенді.

Жаңаарқа ауданының 12 білім беру ұйымына, сондай-ақ Қаражал қаласының №10 және №30 мектептеріне мониторингтік жұмыстар жүргізілді.

Мониторинг барысында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы келесі бағыттар бойынша зерделенді:

материалдық-техникалық базаның жай-күйі;

қауіпсіздік және өртке қарсы талаптардың сақталуы;

санитарлық-гигиеналық жағдай;

педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілуі;

оқулық, оқу-әдістемелік құралдармен  қамтамасыз ету;

білім беру процесін ұйымдастыруға қатысты өзге де талаптардың орындалуы.

Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған ескертулерді жою және жаңа оқу жылының басталуына дейін білім беру ұйымдарының толық дайын болуын қамтамасыз ету бойынша тиісті ұсынымдар берілді.

https://www.facebook.com/share/p/1HLWxPyQ5h/?mibextid=wwXIfr

 

Отчет 3 квартал
Дата публикации
30 сентября 2026