2026 жылғы III тоқсанда Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі жоспарға сәйкес бірқатар профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуына мониторинг жүргізіліп, қызметтік әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Департамент қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында азаматтарды қабылдау, кері байланыс арналары арқылы келіп түскен өтініштерді қарау жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен ашықтығына ішкі бақылау жүзеге асырылып, азаматтардың өтініштері мен шағымдары қаралды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттық материалдар Департаменттің ресми интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілерінде орналастырылып, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.https://www.facebook.com/photo/?fbid=990378980689156&set=pcb.990379320689122
Сондай-ақ Департаменттің кеңестері мен отырыстарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп және ішкі бақылау мәселелері қаралды.
Жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғастырылды.