Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жұмысының қорытындысы, 3 тоқсан 2026 жыл

Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесте  жоспарлы 3 отырысы өткізілді. (№3, 19.03.2026ж)

https://www.facebook.com/share/p/14psFpUP44o/?mibextid=wwXIfr

 Күн тәртібіндегі жоспарланған мәселелер толық қаралып, әр тақырып бойынша ұсыныстар мен шешім қабылданды( хаттама көшірмесі қоса тіркелді).

Сонымен қатар педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысы барысында білім беру сапасын арттыруға елеулі үлес қосып, мемлекеттік аттестаттау және бақылау іс-шараларын сапалы ұйымдастыруға, сондай-ақ жалпы білім беру саясатын ілгерілету бағытындағы жұмыстарға белсенді атсалысқан білікті қызметкерлер марапатталды.Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің «Алғысы» табысталды. https://www.facebook.com/share/p/18yqH5zZu6/?mibextid=wwXIfr

Жаңа оқу жылы қарсаңында Департамент басшысы ұстаздар қауымына құттықтау бейнежазбасын жариялады.

Бейнежазбада педагогтің құқықтарын қорғау, кәсіби еркіндігін қамтамасыз ету, міндеттері мен жауапкершілігін заң аясында орындау және кәсіби әдеп нормаларын сақтау мәселелері атап өтілді.

Құқық пен міндеттің, еркіндік пен жауапкершіліктің үйлесімі – педагог мәртебесінің маңызды негізі.

https://www.facebook.com/share/v/1JngNgWqky/?mibextid=wwXIfr

Есептілік кезеңде облыс көлемінде педагог мәртебесін бұзу фактілері тіркелген жоқ. Педагогтердің құқықтары мен кәсіби мәртебесіне бағытталған жұмыстар жалғасын табады.

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жұмысының қорытындысы, 3 тоқсан 2026 жыл
Дата публикации
30 сентября 2026