Ұлытау облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 2 (екі) мемлекеттік қызмет көрсетеді:
«Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру». Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға «www.elicense.kz» электрондық порталы арқылы автоматтандырылған нысанда көрсетіледі.
«Білім туралы құжаттарға (түпнұсқаларына) апостиль қою». Мемлекеттік қызмет 2017 жылғы 19 маусымнан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады. Негіздеме – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі №212 бұйрығы «Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (2017 жылғы 14 наурыздағы №119 өзгерістерімен).
Есепті кезеңде «Лицензияға қосымшалар алу туралы өтініштер» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 6 өтініш қаралды, оның ішінде 2 өтініш қанағаттандырылды, 4 өтініш бойынша құжаттар топтамасының толық ұсынылмауына байланысты бас тарту туралы шешім қабылданды.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – лицензия және/немесе лицензияға қосымшалар, қайта ресімделген лицензия және/немесе оған қосымшалар, лицензияның және/немесе оған қосымшалардың телнұсқасы не мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
лицензиялық алымның төленбеуі;
көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
лицензиардың тиісті келісуші мемлекеттік органнан көрсетілетін қызметті алушының лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алуы;
көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға жататын қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
сот орындаушысының ұсынуы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы.
Лицензияны және оған қосымшаны қайта ресімдеу кезінде бас тартудың негізгі себептері: қайта ресімдеу кезінде құжаттардың ұсынылмауы (лицензиялық алымның төленгені туралы түбіртек; әкімдік қаулысы), сондай-ақ қайталама өтініштердің берілуі.
Барлық көрсетілетін қызметті алушыларға телефон арқылы консультациялық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу жағдайлары болған жоқ.
Есепті кезеңде «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқаларына) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы барлығы 42 өтініш қаралды, оның ішінде 42 өтініш қанағаттандырылды, бас тарту болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – дайын құжаттарды қағаз жеткізгіште «апостиль» мөртаңбасымен беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің 1961 жылғы 5 қазандағы Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын жоятын Гаага конвенциясында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға ақылы негізде 0,5 АЕК мөлшерінде көрсетіледі.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу фактілері анықталған жоқ, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және белгіленген мерзімдердің бұзылуына қатысты шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Департаменттің интернет-ресурсында орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушыларға түсіндіру жұмыстары 887758646552 телефоны арқылы да жүргізіледі. Есепті кезеңде көрсетілетін қызметті алушыларға 1 рет түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мамандар біліктілігін арттырудан өткен жоқ.
Басшы Г.Жакупбекова
Орындаған: К.Даутбаева
7773026638