Білім саласының үздік ардагеріне құрмет көрсетті

Білім саласының үздік ардагеріне құрмет көрсетті

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматов Атакент кенті, Әл-Фараби көшесі, №12 үйдің тұрғыны, ардагер ұстаз Шаркүл Баймаханованың шаңырағына барып, құттықтады.

Шаркүл Ниятқызы еңбек жолын Ш.Ділдабеков ауылындағы «Қызыл таң» орта мектебінде 1980-1984 жылдар аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады. 1984-1991 жылдар аралығында мектеп-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. 1991 жылдан бастап «№5 Мақтаарал мектеп-гимназиясында» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін жалғастырып, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымдарында көп жылдар бойы еңбек етті.

Бұдан бөлек Қамқоршылық кеңесі, Әдеп кеңесі және басқа да комиссиялардың мүшесі бола отырып, көмекке мұқтаж оқушыларға білім алу барысында туындаған қиындықтарды шешуге белсене атсалысып, мектеп тынысын өз деңгейінде ұстаған.

Заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті ұстаз ретінде Шаркүл Ниятқызы 2014 жылы «Білім беру үздігі» медалімен марапатталды және бірнеше Алғыс хаттармен марапатталған.

Ардагер ұстаздың еңбегі мен білімі жастарға үлгі болып қала береді.