Білім сапасын арттыру жолындағы маңызды кездесу

Білім сапасын арттыру жолындағы маңызды кездесу

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Бауыржанұлы Алматов іссапардың екінші күні білім саласының ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары және білім саласының жанашырларымен дөңгелек үстел басында жолықты.

Бұл басқосуда аудандық мәслихат депутаты Мырзахметов Қанат Маратұлы, ардагер ұстаз Акабай Худайкулов және Атакент кентінің ауыл биі Қилыбай Ирсаев келелі пікірлерін ортаға салды.

Дөңгелек үстел барысында аудан педагогтерінің ауызбіршілігі мен дау-дамай, келіспеушіліктер туындаған кезде оларды сыртқа шығармай, өзара шешудің маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, ұрпақ тәрбиесінің ұялы байланысқа жұтылып бара жатқаны, сапалы оқулықтар мен мұғалімдердің деңгейін жоғарылату қажеттілігі, сондай-ақ педагог деген атқа лайықты қызмет ету керектігі сөз болды.

Жиын білім сапасын арттыру және педагогикалық қоғамдастықтың бірлігін нығайтуға бағытталған.