
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алматов Ғалымжан Бауыржанұлы Алматов жұмыс сапарының екінші күні аудандағы №5 «Мақтаарал» мектеп-гимназиясының ұжымымен кездесті.
Аталған білім беру ұйымының директоры Д.Дошманов мұғалімдер мен оқушылардың қол жеткізген нәтижелерімен таныстырып өтті.
Сондай-ақ, білім сапасын арттыру мақсатында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы ой-пікірлер ортаға салынды.