2024 жылғы атқарылған жұмыстар, 2025 жылдың міндеттері

2024 жылғы атқарылған жұмыстар, 2025 жылдың міндеттері

Бүгін Түркістан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменінің басшысы Ғалымжан Алматов Департаменттер үйінде БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді.

Журналистермен кездесу барысында Ғалымжан Бауыржанұлы Департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды және 2025 жылға арналған міндеттемелерді таныстырды.

Департамент басшысы білім беру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Баспасөз мәслихатына «Turkistan», «Хабар», «24KZ» «Atameken Business», «ТЕЛЕКАНАЛ 77TV», «Айғақ» телеарналарымен, бірнеше газет-сайттың 20-ға жуық өкілі қатысты.