СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЗАҢНАМАСЫН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЗАҢНАМАСЫН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік қызметкерлеріне 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің еріктісі, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Қыдырбай Қасиет Өмірбекқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын түсіндірді.

Жиында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (ішкі және сыртқы) және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды. Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын қабылдайтыны айтылды.

Департамент басшысы Ғалымжан Бауыржанұлы Алматов өз сөзінде апта сайынғы аппараттық жиналыстарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары тұрақты түрде талқыланатынын атап өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру шаралары күшейтіліп, жеке бақылауға алынғанын жеткізді.

Жиын соңында департамент басшысы бақылау шараларын жүзеге асыру, кураторлық өңірлердегі білім беру ұйымдарының желісін жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмысты жалғастыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әрбір мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігі!