ЖАС МАМАННЫҢ НАЗАРЫНА!

ЖАС МАМАННЫҢ НАЗАРЫНА!

ЖАС МАМАННЫҢ НАЗАРЫНА!

Волонтерлік жұмысқа қатысыңыз!

Жазғы лагерьлердің жұмысына қатысыңыз!

Педагогикалық қызмет туралы жарияланымы бар интернет бетін, әлеуметтік желіде парақшаларын жүргізіңіз (авторлық ғылыми жобалар, сабақтар, семинарлар)!

Иә! Иә! Жоғарыдағы критерийлері бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына өтілі жоқ кандидаттың бағалау парағына 1 балдан 3 балға дейін қосылады, егер растайтын құжаты болған жағдайда.

Осындай ☝️ және басқа да өзгерістер мен министрліктің 21.02.2012 жылғы №57 бұйрығы жаңартылғанын хабарлаймыз.

Мектепке кәсіптік қызметке алғаш рет кіріскен педагогке 1 (бір) оқу жылы кезеңіне тәлімгер бекітіледі.

Тәлімгердің кандидатурасы педагогикалық кеңестің отырысында қаралады және педагог жұмысқа қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей мектеп директоры бұйрығымен бекітіледі.

Бір педагогке бір тәлімгер бекітіледі!

Тәлімгердің біліктілік санаты «педагог-зерттеуші» не «педагог-шебер» болуы керек.

Толығырақ министрліктің 24.04.2020 ж. № 160 бұйрығында айқындалған.