ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіндегі педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде Департамент бойынша бірқатар мәселелер қарастырыды.

Ең алдымен педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің құрамына өзгеріс енгізу туралы мәселе қозғалды. Екіншіден, «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығына енгізілетін өзгерістер туралы айтылды.

Сонымен қатар, жиында «Заманауи педагог» жобасы таныстырылды.

Жобаның мақсаты - жоғары кәсіби қасиеттерге, педагогикалық мәдениетке ие, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың тасымалдаушысы болып табылатын жан-жақты дамыған және әлеуметтік жауапты педагогтың бейнесін қалыптастыру.

Ал міндетіне - қазіргі қазақстандық педагог бейнесіне кешенді талаптарды әзірлеу, педагогикалық этиканың жаңартылған қағидаттары мен нормаларын бекіту, педагогикалық этика мәдениетін насихаттау кіреді.

Сондай-ақ, әр педагогтың өз жұмысына адалдығы қарастырылған. Онда мұғалім оқу немесе әдістемелік материалдарды дербес әзірлейді, басқа біреудің жұмысын иеленіп кетпейді және оны өз атынан бермейді, басқа авторлардың мәтіндерін пайдаланатын болса сілтемесін көрсетеді. Жобада бұдан да басқа да қажетті өлшемшарттар қамтылған.

Кеңес отырысында Түркістан облысының кейбір білім беру ұйымдарындағы мәселелер талқыланып, тиісті мекемелерге  жолданатын болады.