ДЕПАРТАМЕНТ ЛИЦЕНЗИЯ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

ДЕПАРТАМЕНТ ЛИЦЕНЗИЯ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

ДЕПАРТАМЕНТ ЛИЦЕНЗИЯ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

         Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 57-бабының 1-тармағына сәйкес «Заңды тұлғалардың білім беру қызметі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензияланады.

        «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 17-бабының 2-тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың осы Заңда рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) тиісті рұқсатты алмай немесе тиісті хабарламаны жібермей жүзеге асыруына жол берілмейді.

       Осы ретте, департамент басшысы Галымжан Бауыржанұлы Алматов өңірдің он мемлекеттік мектеп білім беру қызметімен айналысуға бас лицензиясыз және (немесе) лицензияға қосымшаларынсыз жұмысын жүргізіп жатқан білім бөлім басшыларына, мектеп директорларына ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

         Сондай-ақ, департамент Заңның 40-бабының 2-1-тармағына сәйкес, білім беру ұйымдары заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап алты ай ішінде бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензия алмаған жағдайда білім беру ұйымы сот тәртібімен таратылатынын назарға жеткізді.

       Айта кетсе, мектепке қойылатын біліктілік талаптары министрліктің 24.11.2022 ж. №473 бұйрығымен бекітілген.