
ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Департамент қызметкері Жанар Сатыбалдықызы Касымова 6 қараша күні Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысында білім беру ұйымында оқушылардың мектеп формасын сақтауы бойынша баяндама жасады.
Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, облыстық терроризмге қарсы комиссиясының мүшелері мен құзырлы органдардың басшылары, тиісті департаменттердің басшылары және аудан, қала әкімдер қатысты.
Облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында ақпарат кеңістігін жақсарту, ата-аналардың жауапкершілігін күшейту, ұлттық құндылықтарымызды бағдар ету мәселелері сөз етілді.