БАЛАҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ ӘР АТА-АНАНЫҢ МІНДЕТІ!

БАЛАҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ ӘР АТА-АНАНЫҢ МІНДЕТІ!

БАЛАҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ ӘР АТА-АНАНЫҢ МІНДЕТІ!

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті базасында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті» тақырыбында 15 қазанда семинар-кеңес болып өтті.

Кеңеске облысымыздағы 14 аудан, 3 қалалық білім бөлімінен мектеп формасына жауапты мамандар шақыртылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Семинар-кеңесті департаменттің басшысы Ғалымжан Бауыржанұлы Алматов ашып, бүгінгі таңда ең өзекті мәселенің бірі болып тұрған, оқушылардың заң талаптарында белгіленген нормаға сәйкес мектеп формасын сақтамауы болып отырғандығын айтып өтті.

Өз кезегінде Департаменттің бөлім басшысы Гүлдар Сапарбекқызы балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті екеніндігін айта келе, мектеп оқушыларының мектеп формасын сақтамау фактілері анықталған жағдайда ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдерінің өздерінің тікелей міндетін орындамауы бойынша заңға сәйкес әкімшілік іс қозғалатынын айтты.

Мектеп оқушыларының міндетті мектеп формасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен ретеледі.

Департамент тарапынан әкімшілік іс қозғау үшін қажетті 10 құжаттар тізіліміне тоқталып, алгоритмін ұсынды.

Семинар соңында, Департамент басшысы Ғалымжан Бауыржанұлы бұзушылықтардың алдын алу мақсатында департамент мамандары тарапынан өздеріне белгіленген кураторлық аудандары бойынша әкімшілік іс қозғау алдында мектеп формасын сақтамаған оқушылардың ата-аналарына түсіндірме жұмыстарын жүргізетінін айтып өтті.