
ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЗАҢНАМАЛАРҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Е. Жұматайдың қатысуымен мемлекеттік қызметшілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиында, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер және Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтау, тәртіптік практика мәселелері, мемлекеттік органдардың қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесінің жұмысын жетілдіру, үстеме жұмыс істеу мен мемлекеттік қызмет өткеру бағытындағы өзгерістер туралы айтып берді.
Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 12-бабының 1-тармағы ойын мекемелерінде құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау жөніндегі 6) тармақшамен толықтырылғанын атап өтті. Басқарма басшысының айтуынша, құмар ойын мекемелеріне бару тәртіптік жауаптылықты көздейтін болса, құмар ойынына қатысу, бәс тігу қызметтен босатуға алып келетінін түсіндірді.
Жиынды қорытындылай келе, мемлекеттік қызметшілердің қызметте де, қызметтен тыс уақытта да әдеп нормаларын сақтауды басты назарда ұстау керектігін жеткізді.
Өз кезегінде, Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алматов Ғалымжан Бауыржанұлы айтылған мәселердің өзекті екендігін, өз тарапынан департамент қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отыратындығын, заңнамаға енгізілген өзгерістерді ұдайы назарда ұстайтынын атап өтті.